Шығармашылық байқау

Шығармашылық байқау

2022 жылдың 28 қыркүйегінде Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, Ғылым академиясының академигі, философия ғылымының тұңғыш докторы, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы аясында Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясында аудан білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында «Қара сөздің Хан Тәңірі» атты шығармашылық байқау өтті.
Мақсаты: Әдебиеттің асқары М.О.Әуезовтің шығармашылық мұрасын оқушылар арасында насихаттау;
- Әдеби және мемлекеттік тілді, оқушылар шығармашылығын дамыту;
Байқаудың кіріспе бөлімінде Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушыларының дара, дана жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған көркем – әдеби қойылымы, видеофильм көрсетіліп, жазушының ғұлама Абай туралы айткан жанды дауысы тыңдалды.
Шығармашылық байқау 3 бағамнан тұрды:
1. Жазушы шығармалары бойынша көркемсөз оқу;
2. Жыр мүшайрасы бағамы (оқушылардың өз туындылары;)
3. Көркемөнер бағамы.
Нәтижесінде:
1. Көркемсөз оқу
І орын
Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Төлеубекова Алтынай;
ІІ орын
Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 10 сынып оқушысы Ахметқали Мөлдір;
П.Карелин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жандосқызы Әмина;
ІІІ орын
Жамбыл атындағы орта мектебінің 9- сынып оқушысы Ильяс Елназ;
Абай атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қабасова Ажар;
«Жыр мүшайрасы» бағамы бойынша
І орын
П.Карелин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Есекенова Айым;
ІІ орын
Георгиевка орта мектебінің 11 сынып оқушысы Садакова Бинұр;
Абай атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Даулетбекұлы Бағдел;
ІІІ орын
Бақыршық орта мектебінің 7 сынып оқушысы Сейтжағыпар Анар,
Мүтан Аймақов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Еркаев Әкежан;
Көркемөнер бағамы
І орын
Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Қайрат Жасұлан (Ермексаз);
Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Дәуіт Зерде (Бисер);
Маяковский атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Клейн Виолета (Графика)
ІІ орын
Балықтыкөл негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Түсіпжан Мұхаммед (күйдіру);
Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қазтаев Аян (ермексаз);
Георгиевка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Манарбек Алина (кескіндеме);
Т.Хасенұлы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Айбек Ерасыл (кескіндеме);
ІІІ орын
Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешенінің 7 сынып оқушысы Мұсағалиев Нұрхан (графика);
Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Толқынұлы Бекзат (кескіндеме).
Әуезов әлемі көзге көрінбейтін ғажайып ұлы сиқырымен, құдіретімен ұлттық рух тәуелсіздігін қорғауға, сақтауға үйретеді.
Артына өлмейтін мұра қалдырған кемеңгер М.О.Әуезов - сөз сиқырын меңгеремін деген, көркем шығарманың қасиетін терең ұғынғысы келген, шеберлік шыңдаймын деген жастар үшін ғажайып әдеби үлгі, әдеби мектеп.
Бүгін байқау қатысушылары ұлылықтың Заңғары М.О.Әуезовке «Тарихыма жазылған ғажап аты, Прозаның жауhары, қазанаты.
Ұлылығын көрсеткен қазағымның, «Мың жылда бір туатын азаматы» Сейтжағыпар Анар, 7 сынып оқушысы.
«Тәлім алып, жолын қуған Абайдың,
Мен Мұхтарды данышпанға балаймын.
Кестелеген сөз моншақпен даламды,
Қара сөздің символы депсанаймын»
Есекенова Айым, 10 сынып оқушысы жүрекжарды туындыларын арнады.
Байқау жеңімпаздарын, жетекшілерін құттықтаймыз!