
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 22-қыркүйегінде жалпы орта білім беретін мекемелердің 8-10 сынып оқушылары арасында жазушы Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты облыстық байқау өтті.
Мақсаты:
- Жазушының өмірі мен шығармашылығы, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, әдебиетке бейім, дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру.
Жалпы байқауға облыс бойынша 86 оқушы, оның ішінде 6 оқушы Жарма ауданынан қатысты.
Нәтижесінде:
І орын және 70000 теңгенің сертификаты, шығармасы.
Әбділаш Сымбат, Бақыршық орта мектебінің 8-сынып оқушысы, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баян Азиман;
ІІ орын және 40000 теңгенің сертификаты, шығармасы.
Термірбек Сезім, Абай атындағы мектеп балабақша кешенінің 8-сынып оқушысы, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хамитова Шолпан Хамитовна;
ІІІ орын және 20000 теңгенің сертификаты, шығармасы.
Ғабасова Ажар, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Имангалиева Меруерт Сайлауовна;
Қахар Айша, Бірлік орта мектебінің 8-сынып оқушысы, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зиябекова Еркеш Даукеновна;
Аманжол Арман, Қажыкелді атындағы негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бекбосынова Дария Қайсаровна;
Нұрбек Жұлдыз, К.Шакенов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бажаева Толқын Мейремхановна
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!