«Әуезов тілі – менің тілім» аудандық шығармашылық байқау

«Әуезов тілі – менің тілім» аудандық шығармашылық байқау

2022 жылдың 21 – қыркүйегінде Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес қазақтың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай К.Шакенов атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Әуезов тілі – менің тілім» шығармашылық жобадан аудандық байқау өтті.

Мақсаты:

- М.О.Әуезовтің шығармашылық мұрасын насихаттау;

- пән мұғалімдерінің оқу ізденістерін, шығармашылық-зерттеу деңгейлерін анықтау, креативті қызметтерін жетілдіру.

Шығармашылық жоба байқауына жұмыстар 2 бағытта қабылданды:

  1. «Психологиялық портрет» М.О.Әуезов шығармаларындағы кейіпкерлердің психологиялық портреті.
  2. «Әуезов тілі – менің тілім» М.О.Әуезов шығармаларынан құнарлы ойдан туған құнды сөздерді теру, мағынасын нақтылау.

Нәтижесінде: Байқауға 21 мұғалім қатысты.

 «Психологиялық портрет» бағыты бойынша:

І орын

Жармагамбетова Галия Капашевна, Т.Хасенов атындағы орта мектебі;

Касенова Айман Каблашимовна, Балықтыкөл негізгі мектебі.

ІІ орын

Жанымханова Кульнар, П.Теряев атындағы орта мектебі;

Нургалиева Айгерим Кафиоллаевна, Бақыршық орта мектебі.

ІІІ орын

Бекбосынова Дария Қайсаровна, Қажыкелді атындағы негізгі мектебі;

Мухатова Данара Думановна, К.Шакенов атындағы орта мектебі.

«Әуезов тілі – менің тілім» бағыты бойынша:

І орын

Серикқазы Диляра Нұрлыбекқызы, Маяковский атындағы орта мектебі.

ІІ орын

Байдельдина Айгерим Кайратовна, Георгиевка орта мектебі.

ІІІ орын

Абдахметова Аружан Асқарқызы, №236 орта мектебі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!