Ұстаздар күніне арналған байқау өз жұмысын бастады.

Ұстаздар күніне арналған байқау өз жұмысын бастады.

Мұғалім – қасиетті есім, зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты. Шәкірттерінің жан-дүниесіне терең үңіле біліп, санасына сыналай құйған тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге – өлшеусіз!
Жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін Ұстаздар күні – бәріміз үшін айрықша мереке!
Бұл күн – ұстаздарыңызға асыл да баға жетпес еңбегі үшін алғыс айтудың тағы тамаша бір мүмкіндігі.
Ұстаздар күні мерекесі шеңберінде білім беру мекемелерінің
5-11 сынып оқушылары арасында «Ұстазым, менің ұстазым» аудандық бейнероликтер байқауы ұйымдастырылады!

Байқаудың талаптары:
* Қатысушылар бейнеролик жанрын өздері анықтайды (сұхбат, репортаж, бейнеклип және т.с.с.);
*Бейнероликтің минималды ажыратылымдығы – 4:3 үшін 480х360, 16:9 үшін 480х272;
*Бейнеролик ұзақтығы 4 минуттан артық болмау қажет;
* Роликте фотосуреттер қолданылуы мүмкін;
* Ролик сапалы жазылуы және онда бөгде жазбалардың болмауы керек. Жұмыста міндетті түрде білім беру ұйымы, атауы мен хронометражы, авторы жазылуы қажет;
* Конкурс талаптарына сәйкес келмейтін роликтер конкурсқа қатыспайды;
*Бейнероликте қатысушының тікелей қатысуы міндетті емес.

Бағалау критерийлері:
Мазмұны (тақырыпқа сәйкес: ақпараттың толық болуы, мәлімделген тақырыпқа материалдың сәйкестігі);
*Сценарий (идея); креативтілік;
*Актерлік шеберлік;
* Бейнеәсерлер, дыбыстық сүйемелдеудің болуы.
* Режиссура;
* Оперторлық шеберлік (жұмысты орындау кәсібилігі);
* Жұмысты рәсімдеу мәдениеті;
* Шығармашылық жаңашылдық.

Ұстаздар күніне орай сіздерді сүйікті ұстаздарыңыз туралы айтуға, жылы естеліктермен бөлісуге, алғыс білдіруге, ұстаздарға қатысты қызықты оқиғаларды айтуға шақырамыз!

Өтінімдерді жұмыстың сілтемесімен бірге қыркүйектің 22-іне s.nazira.k.1979@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет.

«Ұстазым, менің ұстазым» атты сайысымызға қатысыңыз!
Ең үздік жұмыстарды парақшамызда жариялайтын боламыз!