
🔰ҚР оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылдың 9 тамызындағы №355 бұйрығына сәйкес байқауға қатысу үшін Сізге:
📌Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды форматта мынадай құжаттарды (материалдарды) ұсыну қажет:
1) оқыту тіліндегі портфолионы (педагог портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады);
2) сабақ (оқу) жоспарын ұсына отырып, ұзақтығы 7 (жеті) минут бейнесабақ (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), ұзақтығы 15 (он бес) минут бейнесабақ/оқу (орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес озық педагогикалық тәжірибені (ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик) трансляциялауды;
3) Министрлік айқындайтын тақырыптағы 500 (бес жүз) сөзден аспайтын эссені қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім береді.
📚Барлық құжаттар 2022 жылдың 19-қыркүйегіне аудандық білім бөлімінің zharma-metod@mail.ru электрондық поштасына жіберу керек.