
Аттестатты салтанатты тапсыру
2022 жылдың 16 маусымында Жарма ауданы білім беру мекемелерінде «Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі» 11 сынып түлектеріне аттестатты салтанатты тапсыру іс-шаралары өтті.
Мақсаты: жас түлектерге білім туралы құжатты алудың маңыздылығын дәріптеу, патриотизмге, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу, бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау.
Жалпы аудан бойынша 337 түлек мектеп бітіріп, оның 38- «Алтын белгі», 18- үздік аттестат иегерлері атанды. Білім бөлімінің басшысы Қ.Шаймуратов Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияда салтанатты шараға қатысып, ізгі ниетін білдіріп, жас түлектерге сәт-сапар тіледі. Туған елге құрмет –өз мектебіңе, отбасыңа, аулыңа деген ықыластан басталады. Ендеше мектеп бітіруші жас түлектердің асқақ арман жолында жаңа белестерге өрлеп, білім шыңдарында әлемдік дәрежеге қол жеткізіп, мақсаттарына жетулеріне тілектеспіз!!!