1 сентября - День знаний

1 сентября - День знаний

Ұлылық пен даналықтың мерекесі!
2022 жылдың – 1 қыркүйегінде Білім күніне орай Жарма ауданының 38 жалпы білім беретін мекемелерінде «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиындар өтті.
Салтанатты жиындарға аудан әкімінің міндетін атқарушы Т.Муратов, аудандық мәслихат хатшысы М.Оспанбаев, ауданның білім бөлімінің басшысы К.Шаймуратов бөлім, мекеме, ұйым басшылары қатысты.
Жиыннан соң 1-11 – сыныптарда білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау, оқушылар бойында құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту мақсатында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарында интерактивті технологиялар, көрнекті құралдар, мұражай, кітапхана ресурстары, бейне жазбалар пайдаланылды.
Баршаңызды Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!