
Оқуға құштар мектеп жазғы демалыста
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес оқушылардың жазғы демалыс күндерінде білім беру мекемелерінің мектепішілік лагерьлерінде мектеп кітапханашылары «Оқуға құштар мектеп жазғы демалыста» оқушылармен шығармашылық акцияларын, іс-шаралар ұйымдастыруда.
Мақсаты:
-жазғы демалыстары кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық демалысын ұйымдастыру;
-балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға қызықтыру және шығармашылыққа қызығушылықтарын арттыру.
Міндеті:
-балаларды жазғы демалыс кезінде кітапханаға тарту, оқуға ынталандырудың жаңа түрлері мен әдістерін енгізу, шығармашылық әлеуеттерін арттыру үшін жайлы орта туғызу.
Негізгі бағыттары:
-«Жаздың ең белсенді оқырманы» байқауларын;
-викториналар, турнир, әдеби-танымдық ойындар;
-кітап бұрыштарын, суретшілер бұрыштарын, ребустар, басқатырғыштар, кроссвордтар бұрыштарын, ойын және ақпарат аймақтарын ұйымдастыру;
-қолдан жасаған бұйымдар, суреттер, электрондық таныстырылымдар, әдеби жұмыстар-өлеңдер, ертегілер, әңгімелер көрмесін безендіру т.б.
Бұл акция-оқушылардың жазғы демалыстарының қызықты әрі пайдалы өтуіне, кітап оқу арқылы әлемді тануларына, шығармашылықтарын дамытуға, әр баланың өзіне жақсы көңіл-күй сыйлауына мүмкіндік жасайды.
Кітапты сүйіп, кітап оқу арқылы өмірімізді әдемі, жарқын етейік!