
«Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық!» жазғы демалыс аясында ағымдағы жылдың 1- шілдесінде Шар негізгі мектебінің 12 оқушысы демеушілер Сиязбаева Самал Айтқалиқызы, Нурсултанова Элмира Қалибекқызының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайына, "Абай Арена" спорттық кешеніне , Семей ядролық полигонының жабылуына арналған монументіне, Ф.М. Достоевский мұражайына барып, саяхаттап қайтты.