«Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!»

«Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!»

«Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!».
Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акция 2022 жылдың 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!» ұранымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіліп, «Балаларға жақсылық сыйла!", "Ауыл балаларына-мектепке сыйлықтар", «Отбасы отбасына көмектеседі: баланы мектепке жинайық!» атты акциялар ұйымдастырылады.
Жарма ауданының «Білім бөлімі» рухани дүниесі кең, дархан көңіл, мәрт жандарды, мекеме ұйым, шаруа қожалықтары басшыларын, жеке кәсіп иелерін ауданымыздағы көмекке мұқтаж отбасы балаларына қолдау көрсетуге шақырады! Оларға Сіздің көмегіңіз қажет! Бүлдіршіндердің жүрегіне қуаныш, жүзіне күлкі сыйлау - бәріміздің азаматтық парызымыз!