Қапай батыр ауылында 100 оқушыға арналған жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді

Қапай батыр ауылында 100 оқушыға арналған жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді

Қапай батыр ауылында 100 оқушыға арналған жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Мектеп ғимараты замануи үлгіде салынып, мұнда спорт зал, акт залы мен асхана, IT сыныбы, кітапхана мен арнайы жабдықталған психолог маманының кабинеті бар.
Мектеп ғимаратының ашылу салтанатына аудан әкімінің міндетін атқарушы Т.Мұратов қатысып, барлық ата-аналар мен мұғалімдерді, оқушыларды айтулы оқиғамен құттықтады. Білім сапасын көтеру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында елімізбен қатар, аудан көлемінде де ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті.
Аталған мектептің құрылысын толықтай жүргізіп, қысқа уақыттың ішінде жұмыстарын ойдағыдай аяқтаған «Комхоз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, жеке кәсіпкер Исабаев Серік Баширович шараға жиналған көпшілікке құттықтауын білдіре отырып, мектеп ұжымына естелік сыйлығын тарту етті.
Ауыл тұрғындары бас қосқан қуанышты шараға жиналған көпшілік назарына Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.