Конкурс «Бояулар құпиясы»

Конкурс «Бояулар құпиясы»

 «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің шығармашылық байқауының облыстық кезеңіне ауданымыздан жас суретшілер қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Байқаудың мақсаты - жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу.

Байқау қорытындысы бойынша:

  • Мақсұтбек Арай – ІІ орын, Ибраим Диана – І орын,                                          Әлкен Бигелді – І орын /Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің оқушылары/;
  • Манарбек Алина – ІІ орын, Қуаныш Қанатбек – ІІІ орын – /Георгиевка орта мектебінің оқушылары/;
  • Клейн Виолета – І орын - Өнер мектебінің оқушысы.

 жеңімпаз атанды.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!