
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес, "Алтынай" балалар бақшасында мектепке дейінгі мекемелер педагогтері арасында облыстық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін қолдау, ынталандыру, тәжірибені және өзін – өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру мүмкіндігін беру.
Міндеттері:
Байқаудың қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – «Аққу» бөбекжайының тәрбиешісі Лобанова Шынар Акылбековна;
I орын – «Алтынай» балабақшасының тәрбиешісі Оспанова Асем Ныгметоллаевна;
II орын – «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Кабдуалиева Бакытгуль Жумагалиевна;
II орын – «Бастау» балабақшасының тәрбиешісі Сыбангалиева Асем Мырзакановна;
III орын – Абай атындағы мектеп – балабақша кешенінің тәрбиешісі Галиева Айгуль Ерсериккызы.
Төмендегідей номинациялар белгіленді:
«Балауса балабақшасының тәрбиешісі Рахишева Марал Нурлыбековна «Шығармашыл педагог»;
Жаңғызтөбе орта мектеп – балабақша кешенінің тәрбиешісі Хасенова Ботакөз Жанабергеновна «Іскер педагог» .
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!