
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінде жалпы білім беру мекемелері кітапханашыларына, кітапханалары жаңартылуға (модернизация) жататын мектеп директорларына арналған семинар өтті.
Мақсаты:
-оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, жас ұрпақ бойында жоғары азаматық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту.
Семинарда заманауи жаңартылған мектеп кітапханасына таныстырылым өтіп, балабақша бүлдіршіндері Абай өлеңдерін жатқа оқыса, мектеп алды даярлық тобы тәрбиеленушілері көлеңке театрының қойылымын көрсетті. 9- сынып оқушылары мультифильмге дубляж жасап, орыс ауыз әдебиеті желісімен 2- сынып оқушылары ата-аналарымен бірлесіп кітап оқыды. 5-8 сынып оқушылары «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында «Кітап оқы» челленджін ұйымдастырып, кітап оқуды насихаттау мақсатында оқушылар арасында кеңінен оқытылуы үшін көркем әдебиеттер тізбесін ұсынды.
Семинар қатысушылардың көңілінен шығып, ризашылықтарын білдірді.