
2022 жылдың 22 қаңтарынан 18 сәуірге дейін 5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан 3D –модельдеу және 3D-баспа бойынша облыстық «3D Modeldeu Ӓlemi» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Балалар мен жастар арасында 3D-модельдеу және 3D –принтерлермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту болып табылады. Облыс бойынша барлығы 38 жұмыс қатысты.
Жарма ауданы бойынша «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ-ның 8 сынып оқушысы Қазтаев Аян ІІІ орынды, «Георгиевка орта мектебі» КММ-ның 5 сынып оқушысы Даулет Жанали ІІІ орынды иеленді.