Білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуге ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру.
Олимпиадаға ауданның жалпы білім беру мекемелерінен 10-11 сыныптардан мектепішілік кезең жеңімпаздары - 32 оқушы қатысты.
Олимпиада 2 айналымда өтті:
І айналым– Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсырмалары
ІІ айналым - «Ұлы даланың тарихи келбеті» тақырыбында презентация қорғау.
Олимпиаданың қорытындысы:
10-сынып бойынша:
І орын- Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушысы Акрамова Нұрай;
І орын- № 236 орта мектебінің оқушысы Мырзаканова Дана;
ІІ орын- Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің оқушысы Әлимгазиева Жанель;
ІІ орын-Суықбұлақ орта мектебінің оқушысы Ахметқан Ділназ;
ІІІ орын- К.Шакенов атындағы орта мектебінің оқушысы Кенжебек Динара.
11-сынып бойынша:
І орын-Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің оқушысы Өмірбекова Аружан;
І орын-К.Шакенов атындағы орта мектебінің оқушысы Мәмет Балжан;
І орын-Суықбұлақ орта мектебінің оқушысы Сәбит Елдана;
ІІ орын-Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Адильшенов Ануар;
ІІ орын-Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушысы Фазымова Жасмин;
ІІ орын-Маяковский атындағы орта мектебінің оқушысы Жәбезхан Махаббат;
ІІІ орын- Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің оқушысы Шәріпбек Ақерке;
ІІІ орын-Н.Крупская атындағы орта мектебінің оқушысы Қабылқакова Дильназ.
Жеңімпаздардарды жетістіктерімен құттықтаймыз!