
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2022 жылдың 5 сәуірінде көркем еңбек мұғалімдері арасында облыстық байқаудың аудандық кезеңі К.Шакенов атындағы орта мектебінде өтті.
Мақсаты:
-шығармашылықпен жұмыс жасайтын көркем еңбек мұғалімдерін анықтау, көтермелеу, қолдау;
-көркем еңбек пәнін оқытудың сапалы деңгейін арттыру, инновациялық тәсілдерді ынталандыру.
Байқау 3 тапсырмадан тұрды:
Белсенді оқыту әдістері мен ІТ технологияларды қолдану бағаланды.
Нәтижесінде:
І орын- Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің пән мұғалімі Қайырхан Мәди;
ІІ орын- Салқынтөбе негізгі мектебінің пән мұғалімі Манханова Данара;
ІІ орын -Қажыкелді атындағы орта мектебінің пән мұғалімі Байбатшаева Нурбану;
ІІІ орын -П.Карелин атындағы орта мектебінің пән мұғалімі Буланова Анар;
ІІІ орын -Бақыршық орта мектебінің пән мұғалімі Иванова Радлана жеңімпаздар атанды.
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!