
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес Маяковский атындағы орта мектебінде «Бағдарламалау бағытындағы мәселелерді шешу бойынша оқушыларды тереңдетіп оқыту» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Бағдарламалау бағытындағы мәселелерді шешу бойынша оқушыларды тереңдетіп оқыту жолдарын талқылау, тәжірибе алмасу.
«Информатика пәнінен олимпиадалық тапсырмаларды талдау» тақырыбында Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Нурханов Мәдениет олимпиадалық есептерді талдап, шығару жолдарын шешті. «Оқушыларды ІТ чемпионатқа дайындау жолдары» тақырыбында Бақыршық орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Думан Дархан ІТ чемпионатқа дайындық жұмыстарын қалай жүргізу, қалай дайындау, робот жасау кезінде нені ескеру қажет екендігі жайлы айтып, қосымша ақпарат көздерімен таныстырды.
«Бағдарламалау бағытындағы мәселелерді шешу бойынша оқушыларды тереңдетіп оқыту» тақырыбында Георгиевка орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Садыкова Жанар бағдарламалаудың жолдарын көрсетті. «Ғылыми жоба дайындау әдістері» тақырыбында №236 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Бузаухаев Қанат жоба жұмыстарын көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.