
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес білім беру мекемелерінің орыс сыныптарында сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында Маяковский атындағы орта мектебінде «Эссе жазу шеберлігін дамыту жолдары» танымдық семинар өтті.
Мақсаты:
-орыс сыныптарында оқитын оқушыларға тақырыпты дұрыс таңдай білу, тезис ұстанымынан ауытқымай, көркем тіл құралдарын, сөз оралымдарын дәл, орынды қолдану, грамматикалық сауаттылық деңгейінің қатаң сақталу қажеттілігі туралы тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, танымдық түсінік беру.
Семинарда үш баяндама тыңдалды:
Семинарда қатысушы пән мұғалімдері эссе жазу шеберлігін дамыту жолдары туралы пікірлерін, ұсыныстарын айтты. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің педагог-зерттеушісі Нурпеисова Еркеш Болатбекқызына жаңашыл, шығармашылық талдау, сараптау түрінде жасалған, танымдық баяндамасы үшін ризашылықтарын білдірді.
Семинар жұмысын қорытындылау барысында оның оқу-әдістемелік тұрғыдан пайдалы жақтары аталып өтті.