
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясында «Физика пәнінен олимпиадалық есептерді шешу жолдары» тақырыбында физика пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Физика пәнінен олимпиадалық есептерді шешу жолдарын талқылау, тәжірибе алмасу.
«Физика пәнінен олимпиадалық есептерді талдау» тақырыбында Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешенінің физика пәні мұғалімі Сихимбаева Раушан, К.Шакенов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жақсыбаев Саржан аудандық физика пәні бойынша олимпиада есептерін талдап, шешу жолдарын көрсетті. «Физика пәні бойынша қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді компьютерлік модельдеу» тақырыбындағы жобасын Георгиевка орта мектебінің физика - информатика пәні мұғалімі Шаймуратова Жанар физикалық қозғалысқа берілген есептерді компьютерлік модельдеу жолымен қалай шығаруға болатынын атап өтті. «Зерттеу мен ғылыми ізденіске баулу жолдары» тақырыбында Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі Ғазезова Назым мұғалімдермен топтық жұмыс жасай отырып, оқушыларды зерттеу жұмыстары мен ғылыми ізденіске баулу жолдарымен таныстырды. «Физика сабағында оқушыларға эксперименттік есептерді шығартудың маңызы» тақырыбында Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені физика пәнінің мұғалімі Темержанов Білімбек эксперимент жасай отырып, эксперименттік есептерді шығарды.
Семинар барысында физика пәні мұғалімдері олимпиадалық есептердің шығару жолдарын, ғылыми жоба жасау, эксперименттік есептерді шығару бойынша көптеген ақпараттар алып, іс-тәжірибемен бөлісті.