
2022 жылдың 24-29 наурызы аралығында Өскемен қаласында Серікбаев атындағы университет базасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Облыстық кезеңге 13 бала қатысып, 5 бала, оның ішінде 4 бала:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша: Рахатқызы Тамаша- Бірлік орта мектебінің 11 сынып оқушысы (жетекшісі: Зиябекова Еркеш Даукеновна); Сүйгенбаева Наргиз - Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 10-сынып оқушысы (жетекшісі: Хамитова Шолпан Хамитовна);
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша: Сәйкен Альбина –Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешенінің 10-сын оқушысы (жетекшісі: Жармухаметова Айнур Магауяновна);
Өзін-өзі тану пәні бойынша: Аманжолов Даулет –Маяковский атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы (Тагиева Индира Табаккул-қызы) І орын иегерлері атанды.
Жеңімпаздар республикалық олимпиадаға жолдама алды.