
«Жаңа форматтағы үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауының аудандық кезеңі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылығын дамыту, талантты педагогтерді анықтау, педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу мақсатында «Жаңа форматтағы үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға жалпы білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Жеңімпаз атанған Маяковский атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Балтабаева Рима Алсеитовна облыстық кезеңге жолдама алды.