Меню
Страницы
Статья
Дарынды оқушылармен жұмыс
11-сыныптар арасында жаратылыстану-математика цикл пәндерінен республикалық президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде Георгиевка орта мектебінің оқушысы Буланбаева Алина жүлделі І орынды, 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық конкурсында «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясында Георгиевка орта мектебінің 9-сынып оқушысы Андраш Балнұр-3 орын, «Менің кішкентай Отанымның символы» номинациясында Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қайыртайқызы Айзат -2 орын, «Менің туған өлкем» номинациясында Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Өмірбекова Әйгерім-2 орынды, «Балалар әлемі» жобасы аясында балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында 3-10 сынып оқушыларына «Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңінде Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 7-сынып оқушысы Мақсұтбек Арай ІІ орын, Георгиевка орта мектебінің 4-сынып оқушысы Мұратбек Ұлпан, Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Ержанқызы Ботагөз, Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сағатова Гүлім ІІІ орынға ие болды. Республика күніне орай «ЖАС САРБАЗ» сынып оқушылары арасында «Алау» облыстық әскери-спорттық ойынына Маяковский атындағы орта мектебінің командасы қатысып, жүлделі І орынды иеленді.
2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңіне ауданнан 24 оқушы қатысып, нәтижесінде 8 оқушы-І орын, 9 оқушы-ІІ, 7 оқушы-ІІІ орынды, 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Георгиевка орта мектебінің 8- сынып оқушысы Мүбәрак Маржан ІІ орынды, IX республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңінде көркемсөз оқу бағамы Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысыТөлеубекова Алтынай І орынды, ақындар мүшайрасы бағамы П.Г.Карелин атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Есекенова Айым ІІ орын, эссе жазу бағамы Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Төлеутай Перизат ІІІ орын иеленді.
«Балалар әлемі» жобасы аясында балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге шақыру, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында 3-10 сынып оқушылары арасында «Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 7- сынып оқушысы Мақсұтбек Арай ІІ орын, Георгиевка орта мектебінің 4- сынып оқушысы Мұратбек Ұлпан, Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 6- сынып оқушысы Ержанқызы Ботагөз, Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің 10- сынып оқушысы Сағатова Гүлім ІІІ орынға ие болды.
Дата публикации
04 января 2022
Дата обновления
03 февраля 2023
Сейчас читают
Социальные медиа
Меню подвал