Меню

Страницы

Статья

Жарма ауданының білім беру мекемелерінде қосымша білім беруді ұйымдастыру

Аудан бойынша қосымша білім беру ұйымына 3003 оқушы, мектеп қабырғасында өтетін 165– үйірме,280 - спорттық секцияларға 5857 оқушы қамтылған.

         2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Георгиевка орта, Маяковский атындағы орта мектептерінде медиация орталығы жұмыс атқаруда. Медиация орталығының құрамына мектеп директоры, тәрбие жөніндегі орынбасарлар, психолог, қамқоршылық кеңес мүшелері, жоғары сынып оқушылары, ата-ана комитетінің мүшелері енген. Орталық мақсаты оқушылардың құқықтарының бұзылмауына ықпал ету, келеңсіз жағдайларды бейбіт жолмен шешуді ұйымдастыру болып табылады.   

         Мектептерде 39 педагог-психолог жұмыс  атқарады. Олардың 18-і "Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, жасөспірімдердің суицидтік және деструктивтік  мінез - құлқының алдын алу", 20 педагог-психолог  «Оқушыларға психологиялық қолдау көрсету» тақырыбында курстан өтті.

         Мектептерде оқу жылының басында дағдарысқа ұшыраған оқушыларды анықтау бағытында барлық сыныптардың әлеуметтік құжаттары дайындалып, кейіннен мектептің бірыңғай әлеуметтік құжаты жасалды. Осы әлеуметтік құжаттың негізінде психологиялық көмек көрсету үшін өмірлік қиын жағдайға тап болған білім алушылардың, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылардың деректер қоры құрылды. Деректер қоры оқу жылының басында жинақталып, оған  жыл бойы өзгерістер енгізіледі.  

          Өткен оқу жылында аудан бойынша кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес П.Карелин атындағы орта мектебінде «Жасөспірімдермен позитивті ойлауды қалыптастыруда жүргізілетін жұмыстардың негізгі нысандары мен бағыттары», Георгиевка орта мектебінде «Жалпы білім беретін мектептерде ерекше оқытуда қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі бағыттары»  семинар –практикум Жаңғызтөбе орта  мектеп-балабақша кешенінде «Психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары мен іс-құжаттарының түрлері» тақырыбында семинар-тренинг, өткізілді. Осыған байланысты Жарма білім беру мекемелерінде педагог-психологтардың жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы бекітілген кестеге сәйкес ауданның  11 мектебіне мониторинг жүргізді.

Анықтамалық:/ Қажыкелді атындағы  ом, №236 ом, Суықбұлақ ом, Д.Қалматайұлы атындағы ом, Б.Тұрсынов атындағы ом, Т.Көбдіков атындағы  ом, П.Карелин атындағы,  П.Теряев атындағы  ом, Ұзынжал нм, Малай нм, Жамбыл ом/.

          Барлық білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет жұмыс жасайды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау, көмек көрсету мақсатында «Сенім телефондары» қызмет көрсетеді. 

         Отбасыларда қолайлы жағдай жасау, жанжалды жағдайларды шешу, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алуда ата-аналарға, оқушыларға  тренингтер, Әкелер мектебінің өкілдері мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аудан педагог-психологтарына «Қауіпсіз мінез-құлқының қалыптастыру аясында оқушылардың суицидтік мінез-құлықтың алдын алу», «Қиын жасөспірімдермен жұмыс жасаудың түрлері мен әдістері» семинар-практикумдер өткізіліп, ата-аналар мен педагогтарға әдістемелік ұсынымдар, жадынамалар, буклеттер, брошюралар ұсынылды.

         Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мақсатында алдын алу жұмыстарын жүргізетін, жасалған суицидтің себептері, факторларын анықтайтын аудандық мобильді жұмыс тобы құрылды. Суицидтің, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық кешенді іс-шаралар жоспары жасалды.

         Сонымен қатар, қазіргі таңда жас ұрпақ тәрбиесінде назар аударуды және шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер бар. Жайлы отбасылық орта-бақытты бала тәрбиелеудің басты шарты десек, отбасының ажырасуы, тұрмыстық зорлық –зомбылық, төмен әлеуметтік-экономикалық табыс, ата-аналардың  функционалдық сауаттылығының төмен деңгейі сияқты жайттар балалардың жалпы әл-ауқатына, мінез-құлқына  теріс әсер етеді. Бүгінгі таңда балалар мен жастар арасындағы қорқыту, зорлық-зомбылық және өз-өзіне қол жұмсау сияқты мәселелер өзекті болып отыр.

         2021 жылдың 24 қарашасында П.Карелин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Тихомиров Юрий, 2022 жылдың 14 қарашасында  Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 9 «Ә» сынып оқушысы Ихтисат Айқын  өз-өзіне қол жұмсау фактісімен  тіркелді.  Екі іс бойынша  білім бөлімімен бекітілген  ведомствоаралық мобильді жұмыс тобы барлық жағдайларды анықтап, аталған мектептердегі тәрбие жұмыстарымен танысып, суицидтік әрекеттердің алдын алу, профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы ұсыныстар жасалды.

     Жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе жаңа оқу жылында  келесі міндеттер қойылады:

  1. Кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша бөлімшеде есепте тұратын, «қауіп-қатер тобындағы», арнайы мектептен келген балалармен құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде жұмыстарды үнемі жүргізу.
  2. Балаларға қатыгездікпен қарау, тұрмыстық жәбірлеу, кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық –зомбылық көрсету мәселелерін қатаң бақылауға алу.
  3. Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша ата-аналармен, оқушылармен,сондай-ақ сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерімен кеңес беру және ағартушылық жұмысты жалғастыру.
Дата публикации
10 февраля 2023
Дата обновления
10 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
02 апреля 2025
Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 27 мамырында басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
31 марта 2023
Мемлекеттік қызмет көрсету

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы