Жарма ауданы бойынша кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, қараусыз, қадағалаусыз қалудың алдын алу және ерте жастағы жыныстық қатынасты болдырмау мақсатында жүргізілетін ведомствоаралық іс-қимыл жоспары жасалған.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар саны 38. Оның ішінде жетімдер – 22, ата-анасының қарауынсыз қалғандар – 14, патронаттық тәрбиеде – 2. Бүгінгі күні мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қажет ететіндер есебінде 31 қамқорлығынан айырылған балалар тұр.
698 аз қамтылған отбасы, онда 1413 оқушы, 431 көпбалалы отбасы, онда 1023 оқушы. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны-1402.
Өгей әкемен тұратын отбасы саны-167, оқушы саны-217. Өгей шешемен тұратын отбасы саны-25, оқушы саны-38.
Мектепішілік есепте тұрған оқушылар саны- 33 оқушы.
Анықтамалық: Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы -2 оқушы, Георгиевка орта мектебі-1 оқушы, П.Карелин атындағы орта мектебі-1 оқушы, Крупская атындағы орта мектебі-2 оқушы, Маяковский атындағы орта мектебі-9 оқушы, П.Теряев атындағы орта мектебі-3 оқушы, Бақыршық орта мектебі-4 оқушы, Жаңғызтөбе МБК-7 оқушы, Қоңырбиік негізгі мектебі-2 оқушы, Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі-2.
Аудандық ішкі істер бөлімінде 5 оқушы есепте тұр. /Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 2 оқушыға азайды/.
Анықтамалық: Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы-2 ( Ниязғалиева Аружан -9 сынып, Раздық Нұрбек-9 сынып «қараусыз, қадағалаусыз» санаты бойынша);
Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінде-2 оқушы (Асылтаев Бақнұр-8 сынып ұрлық жасағаны үшін, Ақатаев Нұрбол -11 сынып бұзақылық жасағаны үшін);
Салқынтөбе негізгі мектебінде -1 оқушы ( Ламхан Ераман- 8 сынып, «қараусыз, қадағалаусыз» санаты бойынша).
Ауданымызда 17отбасы қолайсыз отбасы санатына жатады, онда барлығы 41 бала тәрбиеленуде (оқушы -29, үйде -7, балабақшада -2, студент-3).
13 отбасы ішімдік ішкені үшін, 4 отбасы кәмелетке жасы толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөніндегі міндеттерін толық орындамай, керісінше олардың мінез-құлықтарына теріс әсер ететін қылықтар жасағаны үшін есепке алынған.
Жарма ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында 3 ата-ананың жеке мәселелері қаралып, бала тәрбиесіне немқұрайдылықпен қарағаны үшін 1 ата-ана (К. Шакенов атындағы орта мектебінің анасы Рахбаева Сымбат) ата-аналық құқығынан айырылды, 2 ата-ананың (Толеуханова Айзат және Шугуманов Ринат)ата-аналық құқығына шектеу қойылды.
Анықтамалық: Қалбатау ауылдық округі-12 отбасы, Ақжал а/о-1 отбасы, Шар қаласында-3 отбасы, Бірлік а/о-1 отбасы.
Қолайсыз отбасылар білім бөлімінің, білім беру мекемелерінің басты назарында. Балалардың сабаққа келуі, тұрмыс жағдайы ай сайын тексеріліп, нақтыланады.
Анықтамалық: Маяковский атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жанатов Ернияз бірнеше рет үйден кету фактісі бойынша мектептің, аудандық полиция бөлімінің инспекторларының қатаң бақылауына алынды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері білім беру мекемелерінің отырыстарында тоқсанына 1 рет тыңдалады.
Жыл бойы оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілері, психологтар арнайы жұмыс жүргізеді.
Ауданның жалпы білім беру мекемелерінде полиция бөлімінің тарапынан 6 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар бекітілген.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, ескерту, бұзақылыққа бет алған, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын, сабаққа себепсіз қатыспайтын, түнгі уақытта заңды тұлғалардың алып жүруінсіз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерді анықтау мақсатында ішкі істер қызметкерлерімен бірлескен«Түнгі қаладағы балалар», «Көше», «Жасөспірім» ведомствоаралық рейдтік шаралары тоқсанына 1 рет жүргізіледі.
Анықтамалық: 10.04.2022 ж. Омск - Майкапчагай трассасында мотоциклмен жолға шыққан 08.10.2002 ж. туған Шаяхметов Амирхан Аманханович және 20.02.2008 ж туған Омаров Бакытжан Съезханович жол көлiк апатынан қайтыс болды. Омаров Бакытжан "Салқынтөбе негізгі мектебі" 8-сынып оқушысы, көпбалалы отбасынан шыққан. Шаяхметов Амирхан 2 курс студентi. Апатқа ұшыраган мотоцикл көлiгiн Шаяхметов Амирхан жүргізге, көлік иесінің рұқсатынсыз алып кеткен.
30.05.2022 ж. Жарық ауылында, Жамбыл атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушылары Амангельды Тілек және Жамадил Ринат көлік иесінің рұқсатынсыз мотоцикл көлігімен ауыл ішінде апатқа ұшырап, Амангельды Тілек қайтыс болды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жөніндегі жұмыстың маңызды бағыттарының бірі кәмелетке толмағандардын бос уақыттарын мағыналы өтуін қамтамасыз ету мақсатында түрлі ұйымдарына тарту болып табылады.
Аудан бойынша қосымша білім беру ұйымына 3003 оқушы, мектеп қабырғасында өтетін 165– үйірме,280 - спорттық секцияларға 5857 оқушы қамтылған.
2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Георгиевка орта, Маяковский атындағы орта мектептерінде медиация орталығы жұмыс атқаруда. Медиация орталығының құрамына мектеп директоры, тәрбие жөніндегі орынбасарлар, психолог, қамқоршылық кеңес мүшелері, жоғары сынып оқушылары, ата-ана комитетінің мүшелері енген. Орталық мақсаты оқушылардың құқықтарының бұзылмауына ықпал ету, келеңсіз жағдайларды бейбіт жолмен шешуді ұйымдастыру болып табылады.
Мектептерде 39 педагог-психолог жұмыс атқарады. Олардың 18-і "Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, жасөспірімдердің суицидтік және деструктивтік мінез - құлқының алдын алу", 20 педагог-психолог «Оқушыларға психологиялық қолдау көрсету» тақырыбында курстан өтті.
Мектептерде оқу жылының басында дағдарысқа ұшыраған оқушыларды анықтау бағытында барлық сыныптардың әлеуметтік құжаттары дайындалып, кейіннен мектептің бірыңғай әлеуметтік құжаты жасалды. Осы әлеуметтік құжаттың негізінде психологиялық көмек көрсету үшін өмірлік қиын жағдайға тап болған білім алушылардың, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылардың деректер қоры құрылды. Деректер қоры оқу жылының басында жинақталып, оған жыл бойы өзгерістер енгізіледі.
Өткен оқу жылында аудан бойынша кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес П.Карелин атындағы орта мектебінде «Жасөспірімдермен позитивті ойлауды қалыптастыруда жүргізілетін жұмыстардың негізгі нысандары мен бағыттары», Георгиевка орта мектебінде «Жалпы білім беретін мектептерде ерекше оқытуда қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі бағыттары» семинар –практикум Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешенінде «Психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары мен іс-құжаттарының түрлері» тақырыбында семинар-тренинг, өткізілді. Осыған байланысты Жарма білім беру мекемелерінде педагог-психологтардың жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы бекітілген кестеге сәйкес ауданның 11 мектебіне мониторинг жүргізді.
Анықтамалық:/ Қажыкелді атындағы ом, №236 ом, Суықбұлақ ом, Д.Қалматайұлы атындағы ом, Б.Тұрсынов атындағы ом, Т.Көбдіков атындағы ом, П.Карелин атындағы, П.Теряев атындағы ом, Ұзынжал нм, Малай нм, Жамбыл ом/.
Барлық білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет жұмыс жасайды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау, көмек көрсету мақсатында «Сенім телефондары» қызмет көрсетеді.
Отбасыларда қолайлы жағдай жасау, жанжалды жағдайларды шешу, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алуда ата-аналарға, оқушыларға тренингтер, Әкелер мектебінің өкілдері мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аудан педагог-психологтарына «Қауіпсіз мінез-құлқының қалыптастыру аясында оқушылардың суицидтік мінез-құлықтың алдын алу», «Қиын жасөспірімдермен жұмыс жасаудың түрлері мен әдістері» семинар-практикумдер өткізіліп, ата-аналар мен педагогтарға әдістемелік ұсынымдар, жадынамалар, буклеттер, брошюралар ұсынылды.
Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мақсатында алдын алу жұмыстарын жүргізетін, жасалған суицидтің себептері, факторларын анықтайтын аудандық мобильді жұмыс тобы құрылды. Суицидтің, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық кешенді іс-шаралар жоспары жасалды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда жас ұрпақ тәрбиесінде назар аударуды және шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер бар. Жайлы отбасылық орта-бақытты бала тәрбиелеудің басты шарты десек, отбасының ажырасуы, тұрмыстық зорлық –зомбылық, төмен әлеуметтік-экономикалық табыс, ата-аналардың функционалдық сауаттылығының төмен деңгейі сияқты жайттар балалардың жалпы әл-ауқатына, мінез-құлқына теріс әсер етеді. Бүгінгі таңда балалар мен жастар арасындағы қорқыту, зорлық-зомбылық және өз-өзіне қол жұмсау сияқты мәселелер өзекті болып отыр.
2021 жылдың 24 қарашасында П.Карелин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Тихомиров Юрий, 2022 жылдың 14 қарашасында Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 9 «Ә» сынып оқушысы Ихтисат Айқын өз-өзіне қол жұмсау фактісімен тіркелді. Екі іс бойынша білім бөлімімен бекітілген ведомствоаралық мобильді жұмыс тобы барлық жағдайларды анықтап, аталған мектептердегі тәрбие жұмыстарымен танысып, суицидтік әрекеттердің алдын алу, профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы ұсыныстар жасалды.
Жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе жаңа оқу жылында келесі міндеттер қойылады: