«Оқуға құштар мектеп» кешенді жоспары аясында Жарма ауданы мектеп кітапханаларына атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
2020 жылдың 30 қарашасынан бастап «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы өз жұмысын бастады.
Осы жоба негізінде Жарма ауданы білім бөлімінде 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітіліп, аудан мектептеріндегі кітапханалар жұмыс жасауда.
1) 2020 жылдың 16 желтоқсаны мен 2021 жылдың 16 қаңтары аралығында барлық білім беру мекемелерінде осы жобаның аясында «Кітапқа екінші өмір сыйла» атты қайырымдылық акциясы өтті. 2021 жылыдң 6 қаңтарында аталған айлық аясында тұжірімдам аға сәйкес «Мектепке кітап сыйла» бірыңғай күні ұйымдастырылып, оған мектеп түлектері, жергілікті жерден шыққан демеушілер, жаңашып азаматтар, ұстаздар, ата-аналар қатысып, білім мекемелеріндегі кітапханалар 3536 дана кітап қорымен толықтырылды. Ел болашағы жас ұрпаққа рухани құндылықтарды дәріптеуде, тәрбиелеуде маңызы зор осы акцияға белсене қатысқан мектеп кітапханашылары, ата-аналар, жеке кәсіпкерлер, түлектер аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хатымен тапаратталды.
Жарма аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Жарма аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» «Мектепке кітап сыйла» акциясы аясында мектеп кітапханаларына 100 дана көркем-әдеби кітаптар сыйға тартты.
2) Мектеп кітапханаларында оқушылардың оқу сауаттылығын, тілін, ойлау қабілетін дамыту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында буккроссинг бұрыштары, оқушылар арасында «Буктрейлер» және Жерлес-жазушылардың шығармалары бойынша электронды кітап көрмесі ұйымдастырылды;
3) Кітапхана-жаңа ойлар мен тың пікірлердің, білім мен мәдениеттің ошағы. Мектеп кітапханасын жаңа үлгідегі заманауи, модернизацтяланған кітапхана айналдыру-бүгінгі күн талабы. Осы мақсатта Жарма аудан білім беру мекемелері бойынша Абай атындағы мектеп-балабақша кешені, Т.Қөбдіков атындағы орта, П.Карелин атындағы орта мектептері) кітапханалары толық жаңартылып, заманауи жарақтандырылды.
Туған өңірге, оқыған білім ордасына қолдау көрсету-әрбір азаматтың қасиетті борышы.Осы мақсатта ыстық ықыласпен өзі оқыған білім ордасы Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің кітапханасын заманауи жаңартып, жабдықтауға демеушілік жасаған-аталған мектептің 1992 жылғы түлегі, медицина ғылымдарының кандидаты, Россия жаратылыстану Академиясының Профессоры, «Халық мақтанышы» ордені, «медицина саласының үздігі» медалінің иегері, Семей қаласындағы «Жан-Ер» көпсалалы медициналық орталығының директоры Булеуханова Роза Тусупжановна;
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 26 шілдесіндегі № 07-Н-Қ «Мектеп жасындағы балалардың оқуына ұсынылатын көркем әдебиеттердің максималды көлемінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес білім беру мекемелерінің мектеп кітапханаларына 1289 дана көркем әдеби кітаптар облыстық бюждеттен- 2 032,8 мың теңгеге (подушевое финансирование) сатып алынды.
5) Білім және ғылым министрілігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының 2022 жылғы 24 мамырдағы №67/1-2 хаты негізінде «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында жазғы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде «Оқуға құштар мектеп-жазғы демалыста» іс-шаралары ұйымдастырылды:
- «Жазда оқы», «Жазғы оқу», «Жаздың кітаппен арбауы», «Кітап демалыстары», «Кітаппен бірге өткен жаз», «Пайдалы демалыс-сүйікті кітаптарды оқимыз» әдебиеттердің ұсыныстың, библиографиялық тізімдері ұсынылды.
- «Кітаптың жарқын ғұмыры», «Қызыл жаз келді», «Міне, жаз да келіп жетті», «Міне, біздің жазымыз қандай» бүктемелері әзірленді;
- «Кітап ғажайыптарына толы жаз» викториналары ұйымдастырылды.
6) «Балалар әлемі» жобасы аясында балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге шақыру, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатындаағымдағы жылдың 14 қазанында 3-10 сынып оқушыларына «Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқау нәтижесінде Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 7- сынып оқушысы Мақсұтбек Арай ІІ орын, Георгиевка орат мектебінің 4- сынып оқушысы Мұратбек Ұлпан, ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 6- сынып оқушысы Ержанқызы Ботагөз, Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің 10- сынып оқушысы Сағатова Гүлім ІІІ орынға ие болды.
7) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің күніне орай желтоқсан айында «Білімді ұрпақ-Тәуелсіз елдің тірегі» тақырыбында «Балалар өлеңдер оқиды», «Үздік аудио оқу», «Үздік бейне оқу» сырттай әдеби-интернет конкурсы өткізілді. Жүлделі орын алған оқушылар білім бөлімі басшысының грамоталармен марапатталды.
8) Жалпы білім беру ұйымдарының мектеп кітапханаларына арасында желтоқсан айында «Мектеп буккроссингі: бірге оқимыз» бейнеролик байқауының аудандық кезеңі өтті. Жүлделі орын алған мектеп кітапханашылары білім бөлімі басшысының грамоталармен марапатталды.
9) «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында қысқы демалыс күндері оқушылармен «Қыста оқимыз» тақырыбында акциялар, флеш – мобтар және түрлі іс – шаралар ұйымдастырылды.
Дата публикации
10 февраля 2023