Маңғыстауда 1200 дуадақ рейнтродукцияланды

Маңғыстауда 1200 дуадақ рейнтродукцияланды

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына 2020 жылдың 01 қыркүйегінде  Казахстан – Интернешил Фанд фо Хубара Консервейши-Казахстан тарапынан "Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі -Стандарт) сәйкес 1200 дуадақ құсын рейнтродукциялауға өтінім берілді.

02 қыркүйегінде Стандартқа сәйкес құжаттар тексеріліп, сәйкес келуіне байланысты құстарды Маңғыстау облысында реинтродукциялауға,  барлығы 1200 құсқа рұқсат берілді.

            Аумақтық инспекция  қызметкерлері Ақтау қаласының әуежайында               17 қыркүйегі күні ұшақты қарсы алып, ветеринария қызметкерлерімен құстардың жағдайын, тиісті құжаттарын тексерді.  Құжаттар СИТЕС және ветеринария талаптарына сәйкес келеді.

Маңғыстау облысы бойынша Аумақтық инспекцияның бас маманы Ә.Бектлеу, «Кендірлі-Қаясан» қорық аймағының күзет бастығы С.Сардарбеков, Интернешил Фанд фо Хубара Консервейши-Казахстан мамандарымен бірлесе 17 қыркүйегінде Маңғыстау облысы аумағында 600 жек дуадақ құсы ұшырылып, табиғат аясына жіберілсе, 19 қыркүйегінде тағы 600 дуадақ құсы ұшырылады.

Дуадақ құстардың жағдайлары жақсы, қазіргі таңда Инспекция және «Кендірлі-Қаясан» қорық аймағының инспекторлары тарапынан  бірлесе дуадақ құстарының бейімделуіне күнделікті бақылау жасалуда.