Тағайындау

Тағайындау
2020 жылдың 7-ші қыркүйегінде ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесіні комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбеков Шығыс Қазақстан облыстық Орман шаруашылығы және жанауарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы болып тағайындалған Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлын таныстырды.
Ділдәбек Тәжібйұлы 1961 жылдың 8 мамырында туған.
Тағайындауға дейін Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай және Аягөз аудандарында Әкім қызметін атқарған. Сонымен қатар еңбек жолының әр жылдарындатабиғат ресурсы және табиғатты пайдалану, су ресурстары саласында басшылық қызметте болған.
2016 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Экономика ғылымының кандидаты.