
Өткен Ұлттық Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ұлттық мұралары мен биологиялық әртүрлілікті қорғаудағы маңызды жетістіктерді атап өтті. Негізгі тақырыптар қатарында Қазақы тазы итінің тұқымының халықаралық деңгейде мойындалуы, киіктердің күрт көбеюі мәселелері және ірі жыртқыштардың популяциясын қалпына келтіру шаралары болды.
2022 жылдан бастап Экология және табиғи ресурстар министрлігінің үйлесімді жұмысы мен қоғамдық кинологиялық ұйымдардың белсенді қызметінің арқасында Қазақы тазы итінің тұқымы халықаралық деңгейде танылды. 2023 жылы Қазақстан Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) толық мүшесі болды, ал тазы итінің тұқымы алғаш рет Женевада өткен Әлемдік иттер көрмесіне ұсынылды, ал 2024 жылдың 3 қыркүйегінде FCI оған алдын ала халықаралық мойындау статусын берді. Толық мойындауға жетудің маңызды қадамдары – әлемдік кинологиялық шараларға қатысу, тұқымның тазалығын және денсаулығын сақтау, сондай-ақ оның аңшылық қасиеттерін қорғау.
Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев киіктердің санының күрт көбеюіне назар аударды, бұл 2019 жылы браконьерлік үшін жазаның қатайтылуы мен табиғат қорғау шараларының кешенді жүзеге асырылуының нәтижесі болды.
Бұдан басқа, биоәртүрлілікті қорғау бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында Іле-балқаш аймағында туран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру жұмыстар басталды, ал келесі қадамдар – қар барыстарының санының сақталуы мен көбейтілуі болады.
Осылайша, Ұлттық Құрылтай Қазақстанның бай табиғи ортасын қорғау және сақтау мақсатында стратегиялық маңызды шешімдер қабылданғанын көрсетті.