Астанада Үстірт экожүйесін және киікті қорғауға арналған маңызды халықаралық кездесулер өтті

Астанада Үстірт экожүйесін және киікті қорғауға арналған маңызды халықаралық кездесулер өтті

Қазақстан астанасында Орталық Азияның биоалуантүрлілігін сақтау бағытында екі маңызды халықаралық кездесу өтті:

✔️Бірінші кездесу – Үстірт жануарлар әлемін сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған тараптардың кездесуі (MOP1) (11-12 наурыз)

Кездесудің ұйымдастырушысы Қазақстан Үкіметі болды, оны Миграция жасайтын түрлер туралы Конвенция (КЖТ) Хатшылығы мен Үстірт Меморандумы, Михаэль Зуков қоры (MSF) қолдады.
Іс-шараға Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстан делегациялары, сондай-ақ жетекші табиғатты қорғаушы ұйымдар: АСБК, BRCC, Бонн конвенциясы Хатшылығы (CMS), FZS, FFI, UNDP Kazakhstan, GIZ, MSF, NABU және ғылыми институттар қатысты.
Кездесу нәтижесі – Үстірт экожүйесін сақтау бойынша бірлескен іс-қимылдар Жол картасының бекітілуі, оған мыналар кіреді:
▪️Аймақтың негізгі түрлерін қорғау (қарақұйрық, құлан, қабылан, үстірт арқары);
▪️Жабайы сүтқоректілердің еркін көші-қоны үшін жағдай жасау;
▪️Қорық аумақтарын трансшекаралық басқару.

✔️Екінші кездесу – Киік антилопасын сақтау, қалпына келтіру және тұрақты пайдалану жөніндегі Меморандумға қол қойған тараптардың бесінші кездесуі (MOS5) (12-14 наурыз)

Кездесудің ұйымдастырушысы Қазақстан Үкіметі болды, оны КЖТ Хатшылығы, сондай-ақ International Fund For Houbara Conservation (Халықаралық дуадақ сақтау қоры), АСБК және БҰҰ қолдады.
Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан және Моңғолия делегациялары, Қытайдың бақылаушылары, сондай-ақ International Fund For Houbara Conservation (Халықаралық дуадақ сақтау қоры), Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау ассоциациясы (АСБК), БҰҰ Даму бағдарламасы (UNDP Kazakhstan), Бонн конвенциясы Хатшылығы (CMS), Халықаралық жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерін халықаралық саудасы туралы конвенция (CITES), GIZ, FZS, SCA, FFI, NABU, WWF Mongolia, WCS және ғылыми институттар қатысты.
Қорытынды түйіні – 2025-2030 жылдарға арналған киікке қатысты Орта мерзімді халықаралық жұмыс бағдарламасын бекіту, оған мыналар кіреді:
▪️Халықаралық ынтымақтастықты нығайту;
▪️Браконьерлікпен және заңсыз саудамен күресу;
▪️Популяция мен мекендеу ортасын мониторингін жақсарту.
Қабылданған шешімдер MOP1 және MOS5 кездесулерінде табиғатты қорғау саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалауда. Олар Орталық Азияның биоалуантүрлілігін сақтау үшін халықаралық деңгейде күш біріктірудің маңыздылығын атап көрсетеді. Қабылданған бағдарламалар мен жоспарлар киікті және Үстірт экожүйесін қорғауға бағытталған стратегияларды іске асыруда маңызды қадам бола отырып, аймақтың табиғи мұрасын болашақ ұрпақтар үшін сақтауға ықпал етеді.