«Сібірдің алтын циркіндегі» жануарлар дін аман

«Сібірдің алтын циркіндегі» жануарлар дін аман
Қазақстан Республикасының аумағында карантин енгізілуіне байланысты қалып қойған «Сібірдің алтын циркі» шатыр циркі туралы әлеуметтік желілердегі басылымдарға байланысты СҚО ТИ  қызметкерлері осы цирктің орналасқан жеріне тексеріс жасады.​
Алаңға келгеннен кейін бұл цирк қоршалған жеке аумақта, СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл елді мекені​ мекен-жайында орналасқандығы анықталды.​ Бұл цирк «Клаус» ЖК-на басшы Щербаков Иван Сергеевичтің атында Мир 130-41 мекен-жайында тіркелген, тел.​ 8-777-549-24-68.​
Бұл аумақта қазіргі уақытта 6 жасар арыстан, 12 жасар аю және екі тотықұс бар.​ Бұл цирк екі вагонмен​ қозғалады.​ Көрнекі бақылау кезінде жануарлар сыртқы белгілері бойынша қанағаттанарлық жағдайда, тондары тегіс, аштық пен сырқат белгілері жоқ, торлары таза, жануарлар тыныш.​
Ауа райының қолайсыз жағдайында торлар жылытылатын жүк машиналарына тиеледі.​ Цирк қызметкерлерінің айтуынша, олар наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысының аумағына гастрольдік сапар ұйымдастыруды жоспарлап келген.​ Ресей Федерациясының Омбы облысынан Павлодар облысы арқылы келген. Бірақ карантин енгізілуіне байланысты қойылымдар өткізу мүмкін болмаған.​ Қазіргі уақытта цирк қызметкерлерінің айтуынша, олар Солтүстік Қазақстан облысының аумағында спектакль қоюды жоспарламайды.​ Күтілетін суық ауа-райына байланысты олар Павлодар облысының аумағына көшуді жоспарлап отыр, сол жерде жергілікті хайуанаттар бағымен келісім жасасқан.