
2025 жылғы 21 ақпанда «Көкшетау» МҰТП мемлекеттік инспекторлары мен Зеренді полиция бөлімінің қызметкерлері ұлттық парктің «Орманды бұлақ» филиалы аумағында рейдтік іс-шаралар барысында заңсыз аңшылық фактісін анықтады.
Ат үстінде заңсыз аңшылықпен айналысқан екі жергілікті тұрғын ұсталды.
Жергілікті жерді тексеру барысында бір сібір елігінің ұшасы мен мылтық табылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.