Қарағанды облысында браконьерлік фактісі анықталды

Қарағанды облысында браконьерлік фактісі анықталды

2025 жылғы 20 ақпанда РМҚК «Охотзоопром ӨБ» инспекторлары мен Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің бірлескен рейд барысында Қарағанды облысы Шет ауданы Кеншоқы кенті маңында снегоходпен жүрген екі адам заңсыз аң аулауға күдікті ретінде ұсталды.
Оқиға орнына Шет ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Жақын маңды бірлесіп тексеру барысында снегоходтың іздері инспекторлар мен полиция қызметкерлерін Қызыл кітапқа енгізілген арқардың бөлшектелген етіне апарды.
Сондай-ақ, күдіктілердің бірінен ұсталған кезде “Барс” аңшылық мылтығы тәркіленді.
Бұл факт бойынша ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.