Алматы облысында браконьерлік фактісі анықталды

Алматы облысында браконьерлік фактісі анықталды

2025 жылғы 17 ақпанда Алматы облысы Бақанас ауылы маңында рейдтік іс-шаралар барысында РМКҚ «Охотзоопром ӨБ» мемлекеттік инспекторлары заңсыз аңшылық фактісін анықтады.

Күдіктілерді қуу кезінде браконьерлер «Нива» автокөлігін тастап, оқиға орнынан қашып кеткен. Аталған автокөлікті тексеру барысында үш жануардың (алдын ала болжам бойынша – қарақұйрық) ұшалары табылды.

Аталған факті бойынша Алматы облысы Балқаш аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.