2025 жылғы 4 ақпанда сағат 04:05 шамасында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы аумағында жүргізілген рейдтік іс-шара барысында «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның инспекторлары УАЗ Хантер маркалы автокөлігін тоқтатты.
Автокөлікті тексеру барысында төмендегілер анықталды:
•53 дана қоян,
•1 дана аңшы мылтығы (12-калибр),
•1 дана прожектор,
•6 дана патрон.
Аталған факті бойынша Сырдария АПБ-да ҚР ҚК 337-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.