Қарақұйрық аңын заңсыз атқандар ұсталды

Қарақұйрық аңын заңсыз атқандар ұсталды

Жамбыл облысы, Байзақ ауданының аумағында «Охотзоопром» ӨБ бірлескен іс-шара барысында 2020 жылдың тамыз​ айының 26 күні түнгі сағат 12:30 шамасында Байзақ ауданына қарасты «Есқара» құм өңірінен жер таңдамайтын «Тойота» автокөлігінің ізіне түсіп түнгі сағат 5 шамасында көлікті тоқтатып тексеру барысында​ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген 2 дана Қарақұйрық аңын заңсыз атқан Байзақ ауданының екі аазаматы ұсталды.

ҚР ҚК-нің 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып Қазіргі таңда ұсталған азаматтарға қатысты Байзақ аудандық ІІО полиция қызметкерлерімен тергеу амалдары жүргізілуде.