Қызылорда облысында браконьерлік фактісі анықталды

Қызылорда облысында браконьерлік фактісі анықталды

2025 жылғы 21 қаңтарда Қызылорда облыстық “Охотзоопром" ӨБ” РМҚК филиалының қызметкерлері мен Қызылорда облысы ЖПҚБ Жергілікті полиция қызметінің инспекторлары бірлескен рейдтік іс-шара барысында Mitsubishi Pajero маркалы автокөлікті тоқтатты.

Оқиға Қызылорда қаласынан 30 шақырым жерде орын алған. Автокөлікті тексеру барысында, болжам бойынша, киіктердің өлі денелері табылды.

Аталған факт бойынша Қызылорда қаласының Ақсай полиция бөлімінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.