Үлкен Алматы көліне заңсыз кіруді болдырмау шаралары

Үлкен Алматы көліне заңсыз кіруді болдырмау шаралары

29 қараша 2024 жылы— Алматы қаласында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Тұрғамбаевтың төрағалығымен Үлкен Алматы көліне (ҮАК) заңсыз кіруді болдырмау шаралары талқыланған кеңес өтті.

Кеңес барысында ұлттық парк аумағына көліктердің заңсыз өтуін болдырмау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қарастырылды.

Кеңеске жергілікті полиция қызметі, табиғатты қорғау прокуратурасы, «ҚазАвтоЖол» АҚ және Іле-Алатау ұлттық паркі өкілдері қатысты.

Кеңесте бақылау-өткізу бекетіне бейнебақылау жүйелерін орнату, «Аюсай шатқалы – ҮАК» бағыты бойынша экологиялық таза электр автобустарын іске қосу сияқты ұсыныстар талқыланды. Бұл жүйе «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына қатынайтын көлікке ұқсас болады.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар және заңсыз алымдарға тап болған азаматтарға арналған жедел желі құру мәселелері қаралды.