2024 жылғы өрт қаупі бар маусымның қорытындылары және 2025 жылға дайындық

2024 жылғы өрт қаупі бар маусымның қорытындылары және 2025 жылға дайындық

2024 жылғы 29 қарашада Алматы қаласында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д. Г. Турғамбаевтың төрағалығымен «Қазавиаорманқорғау» РМҚК және авиакомпаниялардың басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңесте 2024 жылғы өрт қаупі бар маусымның қорытындылары шығарылып, 2025 жылғы маусымға дайындықтың өзекті мәселелері мен ағымдағы проблемаларды шешу жолдары талқыланды.

«Қазавиаорманқорғау» республикалық орман қорының 30% аумағын (8 869 мың га) қорғау бойынша маңызды жұмыс атқаратыны және 10 өңірде 15 авиациялық бөлімшесі бар екені атап өтілді. Кәсіпорынның негізгі міндеті – орман өрттерін жылдам анықтап, оларды шағын аумақтарда оқшаулау.

Сонымен қатар, ірі өрттердің алдын алудың негізгі құралы ретінде орман авиациялық жұмыстарын тиісті деңгейде сақтаудың маңыздылығы туралы мәселе көтерілді. Арендаланатын әуе кемелерін, оның ішінде «Қазавиақұтқару» АҚ-мен ынтымақтастықты пайдалану осы қызметтің маңызды бөлігі болып қала береді.

Кеңес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, 2025 жылғы өрт қаупі бар маусымға дайындықты күшейту үшін қадамдар айқындалды.