Ұлытау облысында браконьерлік фактісі анықталды

Ұлытау облысында браконьерлік фактісі анықталды

Ағымдағы жылдың қараша айында Ұлытау облысы ПД қызметкерлері мен ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «ОХОТЗООПРОМ» РМКК инспекторлары бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізді.
22 қараша күні Ұлытау ауданының Сарыкемер елді мекені маңында Toyota Land Cruiser 80 маркалы автокөлік тексеру үшін тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында 5 қапқа салынған бөлшектелген жануарлардың еті мен терілері (алдын ала киік), МР-153 маркалы 12 калибрлі аңшы мылтығы және осы қаруға арналған 22 оқ-дәрі табылды.

Барлық айғақтар тәркіленіп, оқиға фактілері құжатталды. Материалдар тергеу жүргізу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданды.