
2024 жылдың 21 қазанда Алматы қаласында «Cyberpol» ДП және табиғатты қорғау полициясының Жетісу ауданы бойынша қызметкерлері жануарлар дериваттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады. Жетісу ауданында, Қытай азаматы «Ж.Л.»тұратын пәтерді тексеру барысында 50 жәшік киік жануарының мүйізіне ұқсас мүйіздер табылды. Сараптама тағайындалды. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар, олардың бөліктері немесе дериваттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша алдын ала тергеу басталды.