
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Алматы облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының, Іле-Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері, Табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері және Алматы облысының табиғат қорғау полициясы мен бірлесіп, Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында жануарлар әлемін қорғау мақсатында жүргізілген операциялық-рейдтік шаралар кезінде Тойота Прадо маркалы автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында көлік салонында екі сібір елігінің денесі және тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді. Осы факт бойынша Қарасай аудандық АПБ-ында ҚР ҚК 337-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.