
Құндақбаев Бек Құндақбайұлының өмірден озуына байланысты туған туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
Бек Құндақбайұлы еліміздегі орман шаруашылығының дамуына мол үлес қосты. Еңбек жолының әр жылдарында Алматы облысы Кеген, Нарынқұл орман шаруашылығының директоры, Қазақ КСР Талдықорған облыстық орман шаруашылығы және орман қорғау басқармасының бастығы болып жемісті еңбек еткен.
Бек Құндақбайұлы Жетісу табиғатының сақталуына, Талдықорған облысының экономикасы мен экологиясының дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Бек Құндақбаев артында өшпес із, ұлағатты ұрпақ, үлкен өнеге қалдырды.