
Ағымдағы жылдың 1-ші қазанында «Охотзоопром ӨБ» инспекторлары және Балқаш аудандық прокурорлары, Алматы облыстық арнайы табиат қорғау прокурорларымен бірлесіп жасалған рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде Қараой ауылының маңында белгісіз ақ түсті «Tоyota 4runner» маркалы автокөлігімен белгісіз тұлғалардың заңсыз аңшылық жасап жүргені туалы ақпарат келіп түсті. Тексеру іс-шараларының барысында Алматы облысының 2 (екі) тұрғынынан браконьерлік фактісі бойынша суық қару мен екі жарық шам, болжам бойынша Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарына ұқсас 3 (үш) ұша анықталды. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 337- бабы 1-бөлігіде көрсетілгендей қыллмыстық құқық бұзушылықтың белгілерін дәлелдейтін жеткілікті деректердің бар екенін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 179,184-баптарына сәйкес осы факт бойынша СДТБТ-де тіркеу жүргізіледі.