Табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды

Табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды

2024 жылғы 24 қыркүйекте «Семей орманы «МОТР» РММ-нің Канонерка филиалындағы рейдтік іс-шаралар барысында мемлекеттік инспекторлар мен резерват басшылығы Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп өскіндер мен қылқан жапырақты жас өскіндер зақымдану (жойылу) фактісін, сондай-ақ кәдімгі қарағай тұқымының ағаштарын заңсыз кесуі анықталды.

Іс материалдары кінәлі тұлғаларды анықтау және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау үшін Абай облыстық полиция департаментіне берілді.