Браконьерлік бойынша ақпарат

Браконьерлік бойынша ақпарат

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне бағынысты «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлық топ құрамы мен «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты қызметкерлері және Ақтөбе облысы ПД Ырғыз АПБ-нің қызметкерлерімен бірлесіп Ырғыз ауданы «Қосбармақ» аумағында сирек жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлар мен киіктерді қорғау жөніндегі рейдтік іс-шараларды жүргізу нәтижесінде Қызылорда облысының екі тұрғындарынан браконьерлік фактісі анықталды.

Ұсталғандардан 320 дана киік жануарының мүйізіне ұқсас мүйіздер және 2 бірлік қос ұңғылы қаруы табылды.

Сонмен қатар, 2024 жылғы 22 қыркүйегінде Ақтөбе облысы Әйтеке-би ПБ-нің ЖПҚб УПИ қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар кезінде «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Ақтөбе өңірлік филиалының инспекторлық топ құрамы Самара-Шымкент тас жолының 965-шы шақырымында «LADA Largus» маркалы автокөлігін тоқтатып-тексеру барысында 6 (алты) дана пакетке және 2 (екі) қапшыққа салынған болжам бойынша 4 (төрт) дана киік жануары етіне ұқсас заңсыз ет тасымалдауы анықталды.