
Жетісу облысында 2024 жылдың 12 қыркүйегінде ағымдағы жылғы сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жануарлар түрлерінің санын арттыру бойынша бағдарламамен қарастырылған жек-дуадақтарды табиғатқа жіберу жұмыстары аяқталды. 2024 жылы облыс аумағына барлығы табиғатқа 4000 нан астам жек-дуадақ жіберілді. Аталған іс-шара Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, "Охотзоопром"ӨБ" РМҚК және "International Found for Haubara Conservation Kazakhstan" корпоративтік қорының қызметкерлерінің бірлескен жұмыс арқасында мүмкін болып отыр.