О реализации мероприятий в рамках Послания Главы государства народу Казахстана от 2 сентября 2024 года рассказало сегодня руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира в ходе пресс-конференции в СЦК.

О реализации мероприятий в рамках Послания Главы государства народу Казахстана от 2 сентября 2024 года рассказало сегодня руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира в ходе пресс-конференции в СЦК.

Бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауын орындау аясында Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің басшылығы ақпарат берді.

Комитет төрағасы Данияр Тургамбаевтың өз сөзінде: «Жолдауда ормандарды қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды, бұл еліміздің тұрақты дамуының негізгі элементі болып табылады». Осыған байланысты қабылданған негізгі бағыттар мен шаралар мыналар:

Елді жасылдандыру: 2020 жылы Мемлекет басшысы орман қорында 2 миллиард ағаш және елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу тапсырмасын қойған болатын. Осы тапсырманы орындау барысында 839,5 миллион ағаш отырғызылды, ал елді мекендерде 12 миллионнан астам ағаш отырғызылды.

Орман мелиорациялау (орман мәдениеттерін құру): Арал теңізінің құрғаған түбінде деградацияланған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары аясында 1,1 миллион гектар аумақта орман екпелерін құру жоспарланған. 2021 жылдан бері 610 мың гектарда жұмыстар аяқталды. Жылына 3 миллион көшет өндіретін орман питомнигін салу жұмыстары аяқталып келеді. «Арал орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты құрылуын қарастыру жүргізілуде.

Ағаш көшттерін отырғызу материалдарының тиімділігін арттыру: «Семей орманы» резерваты базасында орман тұқымдарының кешенді тәжірибесін кеңейту жоспарлануда, бұл ағаш көшеттерін отырғызу материалын өсіру уақытын 2 жылдан 1 жылға қысқартуға және орман екпелерін құру өміршеңдігін 6 өңірде 90%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Орман өрттерімен күресу шараларын күшейту: Мемлекеттік орман қорғау штатында қазіргі таңда 12,9 мың адам бар, олар 482 өрт сөндіру машинасы және 129 ұшқышсыз ұшатын аппаратпен жабдықталған. 228 шағын орман өрттерімен күресу кешені құрылып, іске қосылды.

«Таза Қазақстан» акциясы: Акция аясында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда кең көлемді тазарту жұмыстары жүргізілді, шамамен 326 мың ағаш отырғызылды. Акцияға 35 мыңнан астам адам қатысып, 796 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті барлық азаматтарды қоршаған ортаны қорғау және жасылдандыру шараларына белсенді қатысуға шақырады. Ормандар мен қоршаған ортаның жағдайын одан әрі жақсарту жоспарлары Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау аясында жалғастырылатын болады.