
2024 жылдың 2 қыркүйегінде Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті офсет жобаларын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысы барысындағы кездесуін өткізді. Кездесуге БҰҰДБ-ның көміртек нарықтары бойынша Бас техникалық кеңесшісі Роксана Тан қатысты.
Іс-шараның мақсаты — Париж келісімі аясында жобалар құру және жүзеге асыру, климаттық әрекеттер мен көміртек кредиттері саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталды.