"Вице-министр мен орман шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары "Көкшетау" ұлттық паркіне барды"

"Вице-министр мен орман шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары "Көкшетау" ұлттық паркіне барды"

ҚР ЭТРМ вице министрі Н.К.Шарбиев пен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Е.Н.Құтпанбаев жұмыс сапарымен "Көкшетау" ұлттық табиғи паркіне келді.Жұмыс сапары барысында өрт қауіпті маусымына дайындығымен, орман өрттерін ерте анықтау жүйесімен, ұлттық парктің материалдық-техникалық базасымен танысты және филиалдарға жаңа патрульдеу автокөліктерінің кілттерін табыстады.Сондай-ақ, Имантау-Шалқар, Зеренді демалыс аумағын дамыту бойынша кеңес өткізілді.Кеңесте экологиялық туризм жағдайы және оның дамыту келешегі туралы баяндама тыңдалды, туризм объектілеріне инженерлік коммуникацияларды (Автожолдар, ЭЖТ) жаңғырту және өткізу бойынша өзекті мәселелер талқыланды және жиынға учаскелерді пайдаланушылар және жергілікті атқарушы органдар қатысты.